«Молодежный» мәдениет үйі Қарағанды қаласы

«Молодёжный» Мәдениет үйі Қарағанды қаласы, Металлисттер көшесі 24/2 құрылымы мекен-жайында орналасқан. 1979 жылдан бастап жұмыс жасайды. Типтік екі қабатты ғимарат. Ғимараттың жалпы ауданы – 2941 м2, 498 орындық көрермен залы бар. 

Сондай-ақ артқы қатарда дыбыстық аппаратура орналасқан, дискозал, 3 хореографиялық би залы, 6 үйірме кабинеті, 4 әкімшілік кабинеті, холл, вестибюль және басқа да қызметтік үй-жайлар бар.

         Мәдениет үйінің басшылары әрқашан жоғары кәсіби деңгейде болды. 

Қызметтер көрсету және бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда «Молодежный» мәдениет үйінде өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру, балалар мен жастардың Отанға деген патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен танысу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар ортасында жағымсыз құбылыстардың алдын алу үшін барлық жағдайлар жасалады. 

МҮ жұмысының мақсаты халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыру, мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, байқау және шоу-бағдарламаларды, ойын-сауық кештерін және жұмыстың басқа да нысандарын өткізу болып табылады. Негізгі міндет халықтың бос уақытының сапасын арттыру, азаматтардың мәдени игіліктердің барлық түрлеріне тең және еркін қол жеткізуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, сондай-ақ облыстық және өңірлік бағдарламаларды орындау, халыққа ақылы қызметтер көрсету жүйесін дамыту болып табылады. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін «Молодежный» мәдениет үйі қызмет көрсету кешенін кеңейтуді, оларды халықтың барлық жас топтарына бейімдеуді, сол арқылы ұжымдар мен олардың қатысушыларының санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта «Молодежный» Мәдениет үйінде қатысушылар саны 654 адамды құрайтын, 19 клубтық құрылым бар. 

«Халықтық» және «Үлгілі» атақтары бар ұжым бар, олар:

  1. «Вдохновение» еңбек және соғыс ардагерлерінің халықтық хоры; 
  2. «Росинка» Үлгілі хореографиялық ансамблі;
  3. «Улыбка» Үлгілі хореографиялық ансамблі.

Балаларға арналған – 15 үйірме, оған қатысушылар саны – 595 адам;

Жастарға арналған – 1, қатысушылар саны – 7 адам;

Орта жастағыларға арналған – 1, қатысушылар саны  5 адам;

Қарттарға арналған – 2, қатысушылар саны – 47 адам.

  • Көркемөнерпаздар халық шығармашылығы ұжымдарының саны – 12, оған қатысушылар саны – 518 адам.

Хор және вокалды топтар саны – 4, қатысушылар саны – 77 адам:

«Аманат» дәстүрлі ән айту үйірмесі,  қатысушылар саны – 10;

«Әжелер» вокалдық тобы, қатысушылар саны – 13 адам;

«Вдохновение» соғыс және еңбек ардагерлерінің халықтық хоры, қатысушылар саны – 34 адам.

«Melisma» вокалдық студиясы – 20.

Халық аспаптар оркестрлері – 1/40:

«Сарыарқа» домбырашылар ансамблі – 40 қатысушы.

Хореография – 5/360:

«Росинка» Үлгілі хореографиялық ансамблі  – 135 қатысушы;

«Улыбка» Үлгілі хореографиялық ансамблі – 0 қатысушы;

«BEST» заманауи би мектебі – 150 қатысушы;

«Гюнеш» шығыс биі мектебі – 25 қатысушы;

«Platinum» заманауи би студиясы – 50 қатысушы;

Вокалдық-аспаптық ансамбль – 1/7:

 «Ниагара» ВАА – 7 қатысушы.

Басқа – 1/34:

«Квинт» гиатарашылар ансамблі – 34 қатысушы.

  • Әуесқой бірлестіктер – 4/95:

«Индиго» эстетикалық тәрбие беру орталығы – 25 қатысушы;

«LimPoPo» балалардың шығармашылығын дамыту орталығы- 35 қатысушы;

«Самрук» сән театры – 30 қатысушы;

«Асыл жеңгелер» вокалды тобы – 5 қатысушы.

  • Техникалық шығармашылық үйірмелері, курстар, спорттық секциялар: 1/20:

 «Кёкушинкай каратэ» секциясы – 20 қатысушы.

  • Дәстүрлі қолданбалы шығармашылық, СҚӨ, бейнелеу өнері: 1/21:

«Радуга» бейнелеу өнері студиясы – 10 қатысушы.

«Өнер-өрне» қолданбалы өнер үйірмесі – 11 қатысушы.

Ұжымдар қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары болып табылады, аудандық және қалалық, облыстық қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. 

Iс-шаралар

Меню