Қазақстан Қарулы Күштері Күніне арналған қайырымдылық концерт жайлы

2022 жылдың мамыр айының 4-ші жұлдызында Қарағанды қаласының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған №2 медициналық-әлеуметтік мекемесінің көрермендер залында Қазақстан Қарулы Күштері Күніне орай қайырымдылық концерті өтті.

Концерттік бағдарламада «Қуаныш» үлгілі би ансамблі, «Болашақ» балалар триосы, Санжар Аманжанов сондай-ақ облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының мәдениет қызметкерлері Әсем Жармағанбетова, Еркебұлан Елтай өнер көрсетті.

Өнерпаздардың өнеріне куә болған көрермендер ыстық ықыласын білдіріп шығарып салды.

Iс-шаралар

Меню