Жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің “Жас қанат” ХХІ облыстық конкурсы

23-24 ақпан аралығында Кеншілер мәдениет сарайында ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат» байқауының ХXІ облыстық конкурсы өткізілді.

Ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.

Конкурс екі кезеңмен өтеді:

  • 23 ақпан сағ. 17.00 І кезең – Патриоттық әндер бағдарламасы
  • 24 ақпан сағ. 12.00 ІІ кезең — еркін тақырыпты ән бағдарламасы
    сағ. 17.00 Гала-концерт және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі

Конкурсқа Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет, Ұлытау аудандары мен Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан 25 орындаушы мен 13 жүргізуші талапкерлер қатысты.

Екі күндік конкурстың қорытындысы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

“Эстрадалық вокал” номинациясы бойынша:

  • І орын — Изратова Лейла (Саран қ-сы);
  • ІІ орын — Тайлыбай Мендыгул (Тәттімбет атындағы өнер колледжі);
  • ІІ орын — Басуева Айнұр (Қарағанды қ-сы);
  • ІІІ орын — Ермек Қанат (Нұра ауданы);
  • ІІІ орын — Малшыбаев Еркебұлан (Ақтоғай ауданы);
  • ІІІ орын — Каршыганов Нурахмет(Сәтпаев қ-сы);
  • «Патриоттық әнді үздік орындағаны үшін» номинациясы — Ким Валерия (Теміртау қ-сы);
  • «Көрермендер көзайымы» номинациясы — Мұсабеков Нұрлан (Жезқазған қаласы).

«Шоу-бағдарламаларды жүргізушілер» номинациясы:

  • І орын — Сланбеков Жасо (Қарағанды қ-сы);
  • І орын — Скендирова Азима (ҚММУ);
  • ІІ орын — Амамбаев Аян (Кеншілер мәдениет сарайы);
  • ІІ орын — Боранбаев Темірлан (Шет ауданы);
  • ІІІ орын — Муканов Ерлан (Теміржолшылар мәдениет Сарайы);
  • ІІІ орын — Төкенова Гүлбақыт (Жезқазған қ-сы);
  • ІІІ орын — Онбай Саламат (ҚММУ).

Барлық қатысушылар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню