Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің джаз оркестрі

Джаз оркестрі-салыстырмалы түрде жас ұжым. Ол 1994 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде ол Ресейде өткен Халықаралық джаз музыка фестивалінің лауреаты атанды. 1999 жылы желтоқсанда оркестр Алматы қаласында өткен джаз музыкасының Халықаралық фестиваліне қатысты.

2002 жылы – Лисаков қаласында Халықаралық джаз музыкасы фестивалінің лауреаты атанды.

2003 жылы – композитор Юрий Саульскийді еске алуға арналған «Еуразия» джаз музыкасының Халықаралық фестивалі дипломымен марапатталды.

2008 және 2010 жылдары «Бішкек-Көктем»Халықаралық джаз фестиваліне қатысып, лауреат атанды.

Джаз оркестрімен Халықаралық конкурстардың лауреаттары Александр Пронин мен Ж.Орынбасарова, «Мәскеу-Транзит» квартеті және т. б. джаз музыкасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Қазіргі уақытта оркестрдің өз тыңдаушылары қалыптасты. Оркестр репертуарында Қазақстан композиторларының шығармалары мен шетелдік джаз шығармалары үлкен орын алады. Джаз оркестрінің қатысуымен өтетін концерттер әрдайым жоғары деңгейде, көрермен толы залдарда өтеді.

Оркестрдің репертуары өте бай, ол жыл сайын қазақ композиторларының шығармаларымен толықтырылып отырады. Оның бас дирижері Игорь Андрейченко репертуарды жаңартуға, оркестрдің орындаушылық шеберлігін арттыруға көп көңіл бөледі.

Iс-шаралар

Меню