Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының үрмелі аспаптар оркестрі

Үрмелі аспаптар оркестрінің құрылғанына 50 жылдан  астам уақыт өтті. Оркестр құрамында 17 адам өнер көрсетеді. Репертуарында бұрынғы және заманауи әндер, би әуендері мен шерулер бар. Мерекелік және демалыс күндері үрмелі оркестр «Ретро» стиліндегі би-ойын-сауық кештеріне шақырады.

Шығармашылық қызметі кезінде үрмелі аспаптар оркестріне Емельянов Александр Дмитриевич, Гегелен Леонид, Пылев Василий Васильевич жетекшілік етті. Дирижер ретінде 26 жыл бойы В. В. Пылев ұжымның орындаушылық шеберлігін дамытуға үлкен үлес қосты.

Қазіргі уақытта үрмелі оркестрге Николай Александрович Метелев жетекшілік етеді.

Iс-шаралар

Меню