Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің үрмелі аспаптар оркестрі

Қарағанды қаласында музыкалық училище базасында құрылған үрмелі аспаптар оркестрінің ұжымына 50 жылдан астам уақыт болды. Оркестр құрамына үрмелі және соқпалы аспаптар бөлімінің І-IV курс оқушылары кіреді. Бөлім түлектері Жиронкин.М (валторна) – Мәскеу қаласының радио және телевидениенің үлкен симфониялық оркестрінде, Бургард.Ю (валторна) – Екатеринбург қаласының опера театрының оркестрінде, Филиппенко.В (валторна) – Новосибирск қаласының опера театрының оркестрінде, Черников.А (валторна) – Астана қаласының симфониялық оркестрінде жұмыс істейді.

Еңбек сіңірген әртістер атағына Нестеренко.Е (тромбон) Мәскеу қ, Тринкеншу.А (труба) Барнаул.қ. Каюмов.Р (труба) Қырғызстан, Смирнова.А (флейта) Татарстан ие болды.

Оркестр түлектері Моок.И (тромбон) – Молдавия, Эфа.А (труба) – Қырғызстан, Федянин.А (тромбон) – Алматы.қ, Гандрабура.М (валторна) – Астана қ. Халықаралық, Бүкілодақтық және Республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары атанды.

Оркестр репертуарында шеруден джазға дейінгі түрлі жанрдағы шығармалар бар.

Iс-шаралар

Меню