Балқаш қаласы М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі

Үрмелі аспаптар оркестрі 1955 жылы «Металлург» мәдениет үйі ашылғанкүннен бастап «Қазақмыс» комбинатының кәсіподақ комитеті негізінде құрылды. Ұжымның негізін қалаушы және алғашқы жетекшісі Қ.Омаров болды. 1992 жылдан бастап оркестр жетекшісі болып Кульчуков Мейрам Тоқпайұлы тағайындалды.

Оркестр репертуарында шетелдік, кеңестік, қазақ композиторларының классикалық музыкалары, халық шығармалары, вальс әуендері, марштар, соғыс жылдарындағы әндербар.

Соңғы жылдары үрмелі аспаптар оркестрі өзінің репертуарын едәуір кеңейтті. Ұжымның концерттік бағдарламалары әртүрлі,есте қаларлық нөмірлерге толы.

М.Хамзинатындағы мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрішығармашылық міндеттерді шеше алатын жанды, мобильді ұжым. Ұжымның мақсаты халық арасында үрмелі музыканы сақтау, дамыту және насихаттау болып табылады.

Iс-шаралар

Меню