Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі Қарағанды қаласы

Жаңа Майқұдықтың Мәдениет үйі 1954 жылы Қарағанды қаласында Магнитогорская көшесі, 19 мекен-жайы бойынша ашылды.

Қазіргі уақытта мәдениет үйінде 24 клубтық құрылым жұмыс істейді.

Көркемөнерпаздар ұжымдары және үйірмелер:

  1. «Жас толқын» вокал үйірмесі  (қатысушылар саны-24 адам)
  2. «New voice» вокал үйірмесі  (қатысушылар саны-15 адам)
  3. «Надежда» ардагерлер хоры (қатысушылар саны-14 адам)
  4. «Шахтерлер» халықтық хоры
  5. «Серпер» домбыра үйірмесі (қатысушылар саны-15 адам)
  6. «BabyNur» би тобы (қатысушылар саны-26 адам)
  7. «Нурби» хореографиялық ансамбілі (қатысушылар саны-200 адамға жуық)
  8. «Нурби» би тобы (қатысушылар саны-30 адам)
  9. «Милениум» би тобы (қатысушылар саны-30 адам)
  10. «Мұра» вокалды-инструменталды ансамбль (қатысушылар саны-16 адам)
  11. Фортепияно үйірмесі (қатысушылар саны-16 адам)

Әуесқой бірлестіктер:

  1. «Ассорти» шығармашылық шеберханасы (қатысушылар саны-30 адам)
  2. «Помогатор» оқу орталығы (қатысушылар саны-18 адам)
  3. «ЮСИМАС» менталды арифметика (қатысушылар саны-25 адам)
  4. «Ума палата» зияткерлік дамыту және жылдам оқу мектебі (қатысушылар саны-20 адам)
  5. «Лига роботов» робототехника үйірмесі (қатысушылар саны-24 адам)
  6. «SPARTA» NOMAD MMA спорт үйірмесі (қатысушылар саны-34 адам)
  7. Фитнес «Тай-бо» (қатысушылар саны-16 адам)
  8. Фитнес – аэробика (қатысушылар саны-15 адам)
  9.  Stretch_fit_krq (қатысушылар саны-20 адам)
  10. Йога (қатысушылар саны-20 адам)
  11. «Архар» туристік клубы (қатысушылар саны-100 адам)
  12. «Tsoy studio» құммен сурет салу үйірмесі (қатысушылар саны-63 адам)
  13. Дыбыс жазу студиясы (қатысушылар саны-10 адам)

Жыл сайынғы өтетін байқаулар мен конкурстар:

Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде, қазан айында «Жігіт сұлтаны – 2019» рухани жаңғыру аясында, жастар жылына арналған байқау өтті.

Байқау 8 бөлімнен тұрды:

  1. «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» таныстыру.
  2. «Қол күрес»
  3. Өз өнерін көрсету.
  4. Кір тасын көтеру.
  5. Садақ ату.
  6. Таң қалдыру.
  7. Сұрақ-жауап.
  8. Би өнері

Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде, қараша айында, эстрадалық ән өнерін дамыту мақсатында «Екі жұлдыз – 2019» байқауы ұйымдастырылды Байқау 2 бөлімнен тұрды.

  • бөлімде қатысушылар еркін тақырыпта ән салса,
  • бөлімде 80-90 жылдардағы хит әндерді орындады.

Әділқазылар жұптарды 1-10 аралығында балдық жүйе бойынша бағалады.

«Гарри Поттер және оның достары». Балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік.

31.01.2020ж күні Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Есте қалған ерке кез» атты ретро әндер фестивалі өтті. Бұл іс– шараның басты ерекшелігі қатысушылар сағындырған әндерді орындаумен бірге сол әнге сай сахналық киім, сахналық қойылым әзірлеуімен ерекшеленді. Вокалды инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен, жанды дауыста орындаған әндері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

10.02.2020ж  Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде қала күніне арналған «Қазыналы Қарағандым»  атты мерекелік концерт.Бұл мерекелік іс-шарада жүргізушілер тарапынан көрікті қаламыздың әр жеткен белесі,тарихы жайында мағлұмат берілді. Мерекелік іс-шарада мәдениет үйінің жанынан құрылған «Надежда» ардагерлер хоры, «Шахтерлер» халықтық хоры өз өнерлерін көрсетті. Жалпы концерт бағдарламасы 4 бөлімнен тұрды:классикалық бөлім, балалар блогы, дәстүрлі ән өнері, эстрадалық бөлім. Концерт барысында өңірден шыққан әуесқой сазгерлердің Қарағанды қаласы жайында әндері шырқалды. Іс-шараға 200 ден астам көрермен қатысты.

«Жас қанат – 2020» аудандық байқауы 2020 жылдың 10 наурызында Қарағанды қаласының Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде өтті.Қатысушылардың жасы 18-ден 30-ға дейін болды. Вокалдық жанры Байқауда үш ән орындалды

  • І кезең- соғыс жылдарындағы  бір әнге көрініс дайындау керек, оған хореографиялық және драмалық ұжымдар қатысты
  • ІІ кезең – Қарағанды облысында тұратын өзге ұлт өкілдерінің  ұлттық тілдеріндегі ән;
  • ІІІ кезең-еркін бағдарлама;

Орындалатын әр ән 4 минуттан аспауы тиіс, бұл ретте аранжировканың заманауи дыбысы талап етілді.

 

 

 

Iс-шаралар

Меню