Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының «Сарыарқа әуендері» атты халық шығармашылығының облыстық байқауының марапаттау рәсімі жайлы

2022 жылдың 12 – 28 қазан аралығында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының мәдениет үйлері мен мәдени-сауық орталықтары арасында «Сарыарқа әуендері» атты халық шығармашылығының облыстық байқауы өтті.

Байқаудын қазылар алқасы әр аудан мен әр қалаға барып өңірлердің ұйымдастырған сәндік-қолданбалы өнер және қазақ қолөнері көрмесінің, үздік көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен тақырыптық театрландырылған концерттік бағдарламалардын куәсі болды.

Байқау көркемөнерпаздар халық шығармашылығын одан әрі дамыту, Қазақстан халқының мәдени – мұрасын насихаттау, жаңа таланттарды анықтау, көркемөнерпаздар ұжымдарының орындаушылық шеберлігін арттыру, олардың репертуары мен сахна киімдерін жаңарту мақсатында өткізілді.

Байқауға Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Шет, Осакаров, Нұра, Абай, Қарқаралы аудандарының және Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының өнерпаздары қатысты. Жалпы саны 7 аудан мен 5 қала. Қатысушылар саны 300-ден астам.

13 қараша күні Кеншілер мәдениет сарайында, байқаудын үздік өнерпаздары мен үздік ұжымдарының қатысуымен «Сарыарқа әуендері» байқауының Гала-концерті және марапаттау рәсімі өтті.

Құрметті әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

Аудандар арасында:

 Бас жүлде – Бұқар-Жырау ауданы;

  • I орын – Осакаров ауданы;
  • II орын – Ақтоғай, Нұра аудандары;
  • III орын – Қарқаралы, Шет, Абай аудандары.

 Қалалар арасында:

  • I орын  – Теміртау қаласы;
  • II орын – Саран, Қарағанды қалалары;
  • III орын– Балқаш, Шахтинск қалалары.

 Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Iс-шаралар

Меню