Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық концерті өтті

28 қыркүйек күні «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №1 қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың медициналы-әлеуметтік мекемесі» КММ-де Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық концерті өтті.

Концертке Кеншілер мәдениет Сарайының өнерпаздары мен Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі атсалысты.

Көрермендер біздің әншілермен бірге өткен жылдар әндерін орындап, қуанышқа бөленді.

Iс-шаралар

Меню