Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы

Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының жетекшісі Құрманбеков Жарқын Рысбайұлы

Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы жанынан құрылған 16 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Оның ішінде «үлгілі» және  «халықтық» мәртебесіне ие 2 ұжым бар. Олар «Ветерок» үлгілі хореографиялық би ансамблі мен «Живая память» ардагерлердің халықтық хоры.  Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушылардың жалпы саны – 375 адам.

Балқаш қаласында дәстүрлі түрде 13 фестивальдар мен конкурстар өткізіледі:

  • «Сайра, бұлбұл» Халқымыздың дәстүрлі ән өнеріндегі биігі, КСРО халық әртісі әнші, сазгер Манарбек Ержановтың мұраларын насихаттау, дәстүрлі ән өнерін дамытуды көздеген аймақтық байқау жыл сайын өтеді. Қатысушылардың жас аралығы шектеусіз.
  • «Күй-құдірет» М. Хамзин күйлерінің аймақтық күй байқауы. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып сақталып келген қазақтың күй өнерін насихаттайтын аймақтық байқау жыл сайын ұйымдастырылады. Байқауға 16-29 жас аралығындағы өнерпаздар бақ сынайды.
  • Композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ән мұрасын бүгінгі ұрпаққа насихаттау мен жаңғыруды көздеген «Ән әлемінің падишасы» атты шара жыл сайын ұйымдастырылады. Аталған шараға Балқаш қаласының өнерпаздарымен қатар, өзге аймақтардан келген өнерпаздар да даңқты композитордың сыршыл әіндерін орындайды.
  • «Жас қанат» байқауы эстрадалық әндерді қазіргі өңдеуде орындайтын талантты орындаушыларды, әуесқой сазгерлер мен өңдеушілерді, сауық-сайран шоу-бағдарламаларды жүргізіушілерді анықтау және оларды насихаттау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Қатысушылар 16-29 жас аралығында қатысады.
  • «Балқаш аруы» сұлулық және шығармашылық байқауы. Қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптсатырып, ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беруді мақсат ететін шара жыл сайын ұйымдастырылады. Байқауға 16-23 жас аралығындағы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысады.
  • «Жігіт сұлтаны» әскери, құқық қорғау және құтқару мекемелерінің қызметкерлері арасында байқау. Отанға деген патроиттық рухын жандандыру, халқымыздың салт-    дәстүрін, өнері мен әдебиетін жетік білу деңгейін арттыруды мақсат  ететін байқау жыл сайын ұйымдастырылады.  Байқауға әскери, құқық қорғау, құтқару мекемелерінің қызметкерлері қатысады. Қатысуышлардың жас ерекшелігі 20-28. 
  • «Өзгенің де өзегін талдырмаған қазақтың ақ тағамы» байқауы. (жыл сайын) 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Өзгенің де өзегін талдырмаған қазақтың ақ тағамы» атты қала кәсіпкерлері арасында ұлттық ақ тағамдар өтеді. Қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттауды мақсат етеді.
  • «Танцевальный коктейль» байқауы. Қаламыздың барлық балалары және жастары, белгілі би ұжымдары мен бимен шұғылданатын хореографтардың жаңа би қойылымдарын көрсету мақсатында жыл сайын өткізіледі.
  • Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «сурет және бейнелеу» байқауы тоқсан сайын ұйымдастырылып  отырады. Алдын-ала арнайы тақырып беріледі.
  • «Караван в Нурсултан!» атты арбалар шеруі Елордамыз Астана күнінің қарсаңында ұйымдастырылады. Әрбір қатысушы отбасы мүшелерімен қатар арбаларын да мерекеге арнайы әсемдеп келулері керек.
  • «Домбыра party» Жас домбырашылардың фестивалі ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылып келеді. Қатысушылардың жас мөлшері шектелмейді.

 

 

 

Iс-шаралар

Меню