Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты республикалық ақындар айтысы жайлы АҚПАРАТ

2023 жылдың 22 наурыз күні сағат 14:00-де Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақ халқының ұлы жырауы, Алты Алаштың ақылман қариясы көреген, данасы Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Айтыста елімізге танымал ақындар Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Қанат Мырзахан (Жамбыл облысы), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы), Мұрадым Мирланов (Батыс Қазақстан облысы), Қажымұқан Абзалов (Шымкент қаласы), Төлеген Жаманов (Ұлытау облысы), Қарағанды облысынан: Айтбай Жұмағұлов, Мақсат Аханов, Дидар Қами, Нұрсұлтан Рымбай, Нұрмұхамед Байсүгіров, Мұхтар Әділов өнер көрсетті.

Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айысткер ақын Аманжол Әлтаев жүргізді.

Құрметті қазылар алқасының қорытындысы бойынша ақындарға келесі жүлделер табыс етілді:

Бас жүлде – Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы);

I орын – Төлеген Жаманов (Ұлытау облысы);

II орын – Мұрадым Мирланов (Батыс Қазақстан облысы), Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды облысы);

III орын – Мақсат Аханов, Дидар Қами (Қарағанды облысы);

Арнайы жүлде – Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Қажымұқан Абзалов (Шымкент қаласы), Қанат Мырзахан (Жамбыл облысы), Мұхтар Әділов, Нұрсұлтан Рымбай, Нұрмұхамед Байсүгіров, (Қарағанды облысы).

Барлық жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Iс-шаралар

Меню