Қазақ халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған «Сарыарқаның жаңа есімдері» облыстық күйшілер онлайн байқауының АҚПАРАТЫ

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 ақпаны мен 10 наурызы аралығында инстаграм әлеуметтік желісі арқылы талантты күй орындаушыларын іздеу және қолдау, Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, Қарағанды облысы халқының шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында Қазақ халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған «Сарыарқаның жаңа есімдері» облыстық күйшілер онлайн байқауы өткізілді.

Байқауға Шет, Қарқаралы, Ақтоғай, Осакаров аудандары мен Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау, Балқаш қалаларынан төрт жас санатындағы (7- 16; 18 – 30; 31 – 50, 50 жастан жоғары) кәсіби білімі жоқ 49 көркемөнерпаз күйшілер қатысты.

Бірақ қазылар алқасы 31-50 жас санатында 2 ғана қатысушы болғандықтан 31-50 және 50 жастан жоғары жас санаттарын біріктіре отырып бағалауды ұйғарды. 18-30 жас санатындағы қатысушыларға екі үшінші орынды тағайындап, қалған орындарды 7-17 жас санатындағы қатысушыларға бөліп беруді жөн көрді.

Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 17 наурызында, сағ. 10:00-де, Қарағанды Академиялық музыкалық комедия театрында өтті.

Құрметті қазылар алқасының шешімі бойынша келесі байқаудың жүлдегерлері анықталды:

Бас жүлде – Аслан Жорахан (Шет ауданы)

7 – 17 жас ерекшелігі бойынша:

I орын – Нұрасыл Қазтай, Әділжан Сабырбек (Қарағанды қаласы);

II орын – Медина Ашимова (Қарқаралы ауданы), Мансұр Амангазиев (Балқаш қаласы),

III орын – «Қарлығаш» домбырашылар ансамблі (Теміртау қаласы), Шахан Ғалымханұлы (Ақтоғай ауданы), Дидар Сұраған (Шет ауданы), Ислам Кушенов (Қарағанды қаласы).

18 – 30 жас ерекшелігі бойынша:

III орын – Мұратхан Алтыбай (Саран қаласы), Зейтілда Бегімсал (Шет ауданы).

31 – 50 жастан жоғары жас санаты бойынша:

I орын – Роза Түсіпбекова (Қарағанды қаласы)

II орын – Ербекеева Бибігүл (Ақтоғай ауданы)

III орын – Бекзат Аманжолов (Шет ауданы)

Барлық жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар, барша қатысушыларға электронды алғыс хаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню