Атыңнан айналайын, Қарағанды!

2022 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 16.00-де Кеншілер мәдениет сарайында әнші, композитор, өнертанушы, Мәдениет қайраткері Ерлан Төлеутайдың «Атыңнан айналайын, Қарағанды!» атты шығармашылық кеші өткізілді.

Ерлан Төлеутай «Мәди» және «Қаз дауысты Қазыбек би» сынды танымал деректі, драмалық фильмдердің режиссері, қазақ халқының көрнекті өкілдері Абай, Нәзір Төреқұлов, Талғат Бегелдинов, Әбілхан Қастеев, Шара Жиенқұлова және басқаларына арналған деректі фильмдердің сценарий авторы, «Жау жүрек мың бала» және «Алмас қылыш» сынды танымал фильмдердің редакторы.

Сондай-ақ, оның қазақ ән өнерінің тарихын зерттеуге қосқан үлесі, осы тақырыптағы мақалалар мен зерттеу жұмыстары республикалық БАҚ-та үнемі жарияланып тұрады. Ерлан Төлеутай қазақ ақындарының көптеген өлеңдеріне ән шығарған. Оның «Япырай» және «Сен және Мен» әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдаған.

Шығармашылық кешке Қазақстан Республикасына танымал: Рамазан Стамғазиев, Меруерт Түсіпбаева, Еркін Шүкіманов, Роза Әлқожа, Ерлан Құжиманов, Сейіл Аяған сынды әншілер және өзге де қазақ өнері мен мәдениетінің мақтаныштары қатысты.

Iс-шаралар

Меню