Ақтоғай ауданының аудандық мәдени-сауық орталығы

Ақтоғай аудандық мәдени-сауық орталығының жетекшісі Күлшікенов Нұрлан Жұмашұлы

Ақтоғай ауданының аумағында: 1 -АМСО, 19 ауылдық клуб, 2 – «Зерде» бейнемобилі, 1-мәдениет және демалыс саябағы жұмыс істейді.

Қатысушылар саны – 1469, оның ішінде 5 ұжым «Халықтық» құрметті атағына ие: «Тоқырауын толқыны» ән-би ансамблі, «Ақтоғай» театры, «Балбырауын» хореографиялық ансамблі, «Шалқар» театры және «Сарыжайлау» қазақ халық аспаптар оркестрі.

Ақтоғай ауданында дәстүрлі түрде 14 фестиваль мен конкурс өткізіледі:

  • Жас орындаушылар мен шоу жүргізушілерін анықтау мақсатында аудандық «Жас қанат» байқауы өткізіледі.
  • Халқымыздың мәдениеттілік пен іскерлікті дәріптейтін «Ақтоғай аруы» конкурсы жас бойжеткен аруларымыздың ұлттық құндылықтарымызды қалай қабылдап іске асырып жатқандығын көрсетеді.
  • «Жаңа есімдер» байқауына ауданның 100-ден астам талантты балалары қатысады. Байқау әр түрлі жанрда және жас санаттарында өткізіледі .
  • 3 жастан 6 жасқа дейін өткізілетін «Еркетай» фестивалі кішкентай балалардың ән айтумен, бимен және сурет салумен айналысатынын көрсетеді. Фестивальге көптеген жас өрендер қатысады, қатысушылар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталады.
  • «Жігіт сұлтаны» байқауы аудандық  спорт бөлімімен бірігіп өткізіледі. Байқау барысында спорттық ойындармен қатар өнерге, білімге бейімділігін көрсететін шарттар бар. Бұл байқауға ауылдық округтерден және Ақтоғай ауылы орталығының мекеме ұжымдары қатысады.
  • «Сағындырған әндер-ай» фестиваліне  орта жастан асқан өнерпаздар бұрынғы ансамбль мүшелері қатысады. Жылдан-жылға қатысушылар саны көбейіп келеді. Өйткені фестивальде орындалатын  әндер халықтың сүйікті  әндеріне айналған. Барша қатысушыларға алғыс хат және ескерткіш мүсіндер табыс етіледі.
  • «Асыл әже-Ғасыр әже» аудандық байқауына Аудан көлемінде көпті көрген, қазақтың салт-дәстүрін, мақал-мәтел, ән-күйлерін білетін апалар қатысады. Сахнада көрсететін қолөнер бұйымдарының жасалуы, ескі әндердің айтылуы көпшіліктің қызығушылығын туғызады.
  • Байқау қортындысы бойынша қатысушылар түрлі марапаттауларға ие болады. «Бақыт басы батадан» үлкен батагөй қариялар байқауы. Бұл байқаудың негізгі көрермендері үлкен, орта жастағы адамдар. Байқауға тілге шешен, өз ойымен жақсы ұлағатты сөз айта алатын қариялар қатысады. Байқау барысында шешендік сөздер, терме,  жырлар, аңыз-әңгімелер айтуға жол беріледі. Жеңімпаз қартқа «Батагөй қария» лентасы тағылады. Барлық қатысушылар түрлі марапттарға ие  болады.
  •  «Патриоттық әндер» конкурсы қалыптасқан дәстүр бойынша «Ұландар» күні қарсаңында өткізіліп келеді. Байқауға барлық ауылдық округтерден өнерпаздар қатысады. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар мерекелік шараға қатысып .барлық қатысушылар түрлі марапаттарға ие болады.
  • «Екі Жұлдыз» байқауы. Бұл байқаудың ерекшелігі қатысушылардың біреуі сахнада ән айтып жүрген әнші болса, екіншісі өнер саласына қатысы жоқ, бұрын соңды сахнада ән айтып көрмеген , бірақ ән айтуды жақсы көретін адам болуы керек. Байқау  ерекшелігі сахнаға бейім өнерпаздарды табуға үлкен көмек көрсетіледі.
  • «Пай-пай қазақтың келіндері-ай» байқауы. Қазақ халқының келіндерге тән инабаттылықты, әдемілікті,іскерлікті, сыйластықты, өнерді бойына жинаған келіндер арасында өтеді. Бұл байқаудың өте тартымды өтетіні белгілі.  Байқау қортындысы бойынша әртүрлі номинациялар бойынша жүлделер беріледі. «Іскер келін», «Инабатты келін», «Өнерлі келін» т.б  номинациялар беріліп кеуделеріне лента тағылады. Бұл байқаудың тәрбиелік мәні зор.
  • 1967 жылдан бастау алған «Сенбілік демалу кештері» әліде өз құнын жоғалтқан емес. Бұл шара Ақтоғайдың нағыз бренд мәдени шарасы деуге болады. Мәдени шараға Ақтоғай  ауылы орталығының барлық мекеме, мектеп ұжымдары түгел қатыстырылады. Алдын-ала өту кестесі бекітіледі. Өткізу шарасы тақырыбы белгіленеді. Дайындауға   Мәдениет Үйінен мамандар бөлінеді.  Мәдени шара бойынша аяғына дейін бағалап отыратын қазылар алқасы бекітіледі. Өте тартымды, өте әсерлі шара. Ансамбль, театр құрамын көбейтуге үлкен септігін тигізеді.
  • Ұлттық домбыра күніне орай өтетін «Күй-күмбезі» байқауына қатысушылардың саны жылдан-жылға арта түсуде. Ақтоғай топырағынан шыққан Шалғынбай, Аққыз, Мағауия сынды қазақ халқына белгілі күйшілердің ізін жалғастырушылардың артуы көңілге үлкен үміт ұялатады. Аққыз күйші аттындағы Республикалық байқауда топ жарған Балжан Серікбол, Республикалық домбырашылар байқауында  Ақтоғайлық Самал Мағауинаның топ жарып бас бәйгені иеленуі Ақтоғай өнер тарихында аттарының алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Әр  ұлттың өзіне тән музыкалық аспабы болады. Қазақ халқының ғасырдан-ғасырға жеткен домбыраны қастерлеу біздің міндетіміз.

 

Iс-шаралар

Меню