«Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы

2016 жылдың наурыз айының 12-ші жұлдызында Қарағанды қаласының кеншілер мәдениет Сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда өкіметінің төрағасы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа облысымыздың Шет, Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандарының және Сәтпаев, Шахтинск, Балқаш, Қарағанды қалаларының жүйріктері қатысып, жыл басы Наурызды жырға қоса отырып, Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылда қол жеткізген жетістіктерін жырлады.

Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Қонысбай Әбілов бастаған қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі үміткерлер жүлделі орындармен марапатталды:

  • Бас жүлде – Нұрмұхамед Байсүгіров (Шахтинск қаласы);
  • І орын – Бекарыс Оспанов (Қарқаралы ауданы);
  • ІІ орын – Доскей Ботпай (Бұқар жырау ауданы);
  • ІІ орын – Медет Жаманов (Жаңаарқа ауданы);
  • ІІІ орын – Мұхтар Әділов (Қарағанды қаласы);
  • ІІІ орын – Ұланғасыр Қамиев (Шет ауданы).

Ұйымдастыру алқасы атынан арнайы сыйлықтармен Қамқор Рысбай (Қарқаралы ауданы), Еркеғали Бекболат (Теміртау қаласы) және Жоламан Мағзұм (Жезқазған қаласы) марапатталды.

Iс-шаралар

Меню