2019 жылдың 14 желтоқсан күні Кеншілер мәдениет Сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерттік бағдарламасы өтті

Іс-шараға облыс әкімі Е.Ж.Қошанов қатысты. Концерттік бағдарлама «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас!» театрландырылған қойылымнан бастау алды.Қойылымға С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актерлері, №77 мектеп-гимназиясының хоры, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері, «Аққу» фольклорлық хореографиялық ансамблі, «Қуаныш» үлгілі ансамблі, ту шығарушылар – спортшылар, «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамбльдері қатысты.

Сонымен қатар концерттік бағдарламаға Тәттімбет атындағы академиялық оркестрі, бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Үкібай, академиялық музыкалық комедия театрының артистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисті Ерлан Көкеев (Астана қаласы), Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, күйші Ардаби Мәулет (Астана қаласынан), Халықаралық конкурстардың лауреаты Салтанат Байжуманова (Шымкент қаласынан), Марат Бекишев, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дәуренбек Әркенов, «Токырауын толкыны» халықтық ансамблі (Ақтоғай ауданынан), «Бала дауысы -2018» халықтық балалар әндері конкурсының финалисткасы Диана Еркін, «Шолпан» үлгілі хореографиялық ансамблі, «Алға бас» триосы (Сәтпаев қаласынан) және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Мерей» ансамблі өнер көрсетті.

Iс-шаралар

Меню