КСРО және Қазақ КСР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Шолпан Жандарбекованың / 100-жылдығына арналған, халықтық көркемөнерпаздар театр ұжымдарының байқау-конкурсы

Көркемөнерпаздар театр өнерін дамыту, орындаушылық шеберлікті жетілдіру, репертуар мен сахналық костюмдерді жаңарту мақсатында Қазақ КСР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Шолпан Жандарбекованың 100-жылдығына арналған, халықтық көркемөнерпаздар театр ұжымдарының байқау-конкурсы 19 -30 сәуір аралығында өткізілді.

Байқау-конкурста Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Шет, Ұлытау аудандарының 10 халықтық көркемөнерпаздар театр ұжымдары өнер көрсетті.

Қазылар алқасы әр аймаққа барып, театр ұжымдары қойылымдарының куәсі болды.

Әділ-қазылар алқасының құрамында:

  • ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген артисі, С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрының актері, қазылар алқасының төрағасы – Кеңес Жұмабеков;
  • ҚР мәдениет қайраткері белгісінің иегері, С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрының актері, режиссері – Бекмұхамет Киекбаев;
  • ҚР мәдениет қайраткері белгісінің иегері, С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрының актрисасы – Злиха Абдыгалыкова;
  • Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдестемелік орталығының басшысы – Кагиза Садвокасова төрелік етті.

Облыстың барлық халық тетарлары байқау-конкурсқа белсене қатысты.

  • 19 сәуір Жаңаарқа аудандық мәдени -сауық орталығының С.Ысқақов атындағы халық театры Ғ.Ештанаевтың «Менің Сәкенім» қойылымын;
  • Сәуірдің 21-і Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ халық театры С.Лямбековтың «Саржайлау сазы» повесінің желісі бойынша Б.Капжаровтың «Тәттімбет» драмасын;
  • Сәуірдің 21-і Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылының халық театры О.Жанайдаровтың «Жұт» драмасын;
  • Сәуір айының 22-ші жұлдызында Қарқаралы ауданының мәден-сауық орталығының Атығай Шанин атындағы халық театры К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасын;
  • 22-ші сәуір Қарқаралы ауданы Абыз ауылының Мақат Рымжанов атындағы «Абыз» халық театры С.Сматаевтың «Біржан сал» драмасын;
  • 27 сәуір Шет ауданы Ақадыр кентінің халық театры Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» драмасын;
  • 27 сәуір Шет ауданы Ақсу-аюлы ауылының халық театры Т.Нұрмағанбетовтың «Табалдырығыңа табын» драмасын;
  • Сәуір айының 28-і Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылының «Шалқар» халық театры, Б.Момышұлының «Закира мен Зәуре» әңгімесінің желісі бойынша жасалған «Жазықсыз жапа шеккендер» қойылымын;
  • 28-ші сәуір Ақтоғай ауданының «Ақтоғай» халық театры Т.Нұрмағанбетовтың «Табалдырығыңа табын» қойылымын;
  • 30 сәуір Ұлытау ауданы Кеңгір ауылының халық театры Ф.Бульяковтың «Күйеуге шыққан кемпірлер» қойылымын ұсынды.

17-18 мамыр аралығында Қарқаралы қаласында байқау-конкурстың марапаттау рәсімі өтті.

Іс шара барысында халық театрлары қатысушылары мен құрметті қонақтар «Қарқабат ана» ескерткішіне тағзым етті, ескеркіш жанында Шолпан Жандарбекованың «Қарқабат ана ұрпағыңды бас бауырыңа!» атты монологы орындалды.

Іс-шара Қарқаралы мәдени-сауық орталығы сахнасында жалғасын тапты. Мерейтой иесі туралы бейнефильм көрсетіліп, құрметті қонақтар құттықтап, Ш.Жандарбекованың өзі тіккен және киген көйлегі мен орамалы аудандық музейге табысталды.

Қазылар алқасының шешімімен келесі жүлделер анықталды:

  • Бас жүлде– Қарқаралы мәден-сауық орталығының Атығай Шанин атындағы халық театры;
    • I орын– Ұлытау ауданы, Кеңгір ауылының халық театры;
    • II орын– Шет ауданы Ақсу-аюлы ауылының халық театры;
    • III орын– Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылының халық театры.

Байқау-конкурстың келесі дипломанттары анықталды:

  • Жаңаарқа ауданының МСО халық театрының режиссеры – Бейсенбай Оспанов;
  • Қарқаралы ауданы М.Рымжанов атындағы «Абыз» халық театрының режиссеры – Бану Мұқашева;
  • Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосының МСО халық театрның режиссеры – Қаирполла;
  • «Ақтоғай» халық театрының режиссеры – Нұрдәулет Жақанбаев;
  • Ақтоғай ауданы «Шалқар» халық театрының режиссеры – Мәулен Құлымжанов;
  • Шет ауданы Ақадыр кентінің халық театрының режиссеры – Абай Махмұт.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню