1 мамыр «Қазақстан – достық мекені» атты театрландырылған мереке жайлы

2022 жылдың мамыр айның 1-ші жұлдызында орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достық мекені» атты театрландырылған мереке өткізілді.

Театрландырылған мерекеде «Аққу», «Сырғалы», «Шолпан», «Қуаныш», «Жарқын», «Аяла» хореографиялық ансамбльдері, С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрының және К.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрының артистері, Этномәдени бірлестік өкілдері – «Казачья вольница» халықтық ансамблі, корей ЭМБ «Киппым» және «Самульнори»  ансамбльдері, «Вайнах» шешен-ингуш ансамблі, «Хайдак» дагестан ансамблі, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің және АМКТ солистері өнер көрсетті..

Мерекені Этномәдени бірлестіктің «Достық шаңырағы» атты концерттік бағадарламасы, сонымен қатар Кеншілер мәдениет сарайы ұжымының, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің өнерпаздары жалғастырды.

 

Iс-шаралар

Меню