Шырқа керней, Жеңіс маршымен!

 

2013 жылғы 7 мамыр күні Қарағанды қаласында Ұлы Отан соғысының жеңіс Күніне және Отан қорғаушылар Күніне арналған «Шырқа керней, Жеңіс маршымен!» атты үрмелі және джаз әуенінің Х облыстық фестивалі өтті.

Аталмыш шараға 9 ұжым қатысып, олардың қатарында Қарағанды Гуманитарлық коледжі қыздарының Халықтық үрмелі оркестрі, Шахан кентінің Халықтық үрмелі оркестрі, Нұра ауданының Халықтық үрмелі оркестрі, ІІМ ІӘ 6505 әскери бөлімінің үрмелі оркестрі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің үрмелі оркестрі, Қарағанды орта мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интерантының үрмелі оркестрі, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің джаз оркестрі, 31775 әскери бөлімінің үрмелі оркестрі, Т.Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының барабаншылар тобы болды.

Үрмелі оркестрлер шеруі Кеншілер мәдениет сарайы алаңынан, орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін жалғасып, соңында аталмыш сабақтың жазғы концерт қою алаңында фестиваль салтанатты түрде ашылып, өз жалғасын тапты.

Iс-шаралар

Меню