Жазушы-драматург, ақын Софы Сматаевтың 80 жасқа толуына арналған «АРҚАНЫҢ АҢЫЗЫ, АЛАШТЫҢ АБЫЗЫ» атты салтанатты кеші жайлы

2021 жылдың қараша айының 15-і жұлдызында сағ. 17.30-да С.Сейфуллин атындағы облыстық Академиялық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының қазақ әдебиетінің классигі, Алаштың халық  жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Софы Сматаевтың 80 жылға толуына арналған  «Арқаның аңызы, Алаштың абызы» атты шығармашылық кеші өтті.

Шығармашылық кеште Қарағанды облысының әкімі Нүкен Абзал Нүкенұлы мерейтоймен құттықтап, Софы Сматаевқа шапан кигізіп, гүл шоқтарын табыс етті.

Арнайы қонақтар: ҚР Жазушылар Одағының төрағасы – Ұлықбек Есдәулет; ҚР Жазушылар Одағының төрағасының орынбасары – Бауыржан Жақып; ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – Серік Ақсұнқар, заң ғылымының докторы, Орталық Қазақстан Академиясының ректоры – Бақтыбай Жолжақсыұлы, Шет ауданының әкімі Мұхит Сайлауұлы құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Кеште С.Сматаев жайлы «Тұлға» фильмі көрсетілді, С.Сейфуллин атындағы облыстық Академиялық қазақ драма театры актерлерінің орындауында кеш иесінің өлеңдері оқылды, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері Сырым Хордин, өнератнушы Ерлан Тулеутай, Республикалық конкурстардың лауреаты Мадияр Сүлейменов өнер көрсетті.

 

Iс-шаралар

Меню