«Жан шуағы» фестивалі

7 қазанда сағат 10:00-де Қарағанды қаласындағы К. Станиславский атындағы Русский драматический театрда XXIX облыстық «Жан шуағы» фестивалі өтті.

Алдымен театр фойесінде «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» көрмесі ашылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің суреттері, қолөнер бұйымдары және әдеби шығармалары қойылды. Әр жұмыс өз авторының ішкі сезімін, арманын, өмірге деген көзқарасын жеткізді. Көрмеге келгендер әр туындының артында үлкен еңбек пен жүрек жылуы тұрғанын сезінді.

Көрмеден кейін көрермендер залға жиналып, фестивальдің екінші бөлігі — Гала-концерт басталды. Сахнаға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар шықты. Ән айтылды, би биленді, өлең оқылды, шағын сахналық қойылымдар көрсетілді. Әрбір өнер нөмірі залды ерекше эмоцияға бөледі, көрермендер шынайы ықыласпен қабылдап, қол шапалақтап отырды.

Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға, жетекшілерге және көрермендерге алғысымызды білдіреміз — бұл күн ұмытылмас мерекеге айналды.

Iс-шаралар

Меню