Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара

Достық үйінде Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлерге жылы лебіздер айтылып, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы туралы бейнематериалдар ұсынылды. Сондай-ақ кәсіби шеберлігі, адал еңбегі және ортақ іске қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге де ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты бөлім мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Барша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Iс-шаралар

Меню