1 қазан — Қарттар күніне орай №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Өмірдің әдемі белесі» атты мерекелік концерт өтті.
Ғибратты ғұмыр иелеріне құрмет көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлаған әсерлі кеш ән мен күйге, жүрекжарды тілектер мен жылы лебіздерге ұласты. Әрбір әуен — өткен өмірдің сырын шертіп, әрбір ізгі сөз — үлкенге деген құрметтің белгісіндей болды.




























