2026 жылғы 29 қазанда Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде ЮНЕСКО-ның техникалық гранты аясында материалдық емес мәдени мұра элементтерін түгендеу және сақтау жөніндегі табысты тәжірибемен алмасуға арналған республикалық семинары өтті.
Семинарға Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегация өкілдері, мәдениет және спорт саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында материалдық емес мәдени мұраны насихаттау, сақтау, қорғау және құжаттандыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитет төрағасының орынбасары Рустам Рахимович Музафаров пен Ұлттық комитет мүшесі, профессор Василий Вачикович Шахгуляри семинарға қатысып, өзекті мәселелер талқыланды.
30 қазан 2026 жыл | Семинардың екінші күні
ЮНЕСКО-ның техникалық гранты аясында материалдық емес мәдени мұраны түгендеу және сақтау бойынша тәжірибе алмасуға арналған республикалық семинардың екінші күні өз жұмысын жалғастырды.
Бірінші Қарағанды облысының қолөнершілер көрмесінен басталды. Қатысушылар ұлттық қолөнер бұйымдарымен танысып, шеберлердің еңбегіне, дәстүрлі өнердің ерекшеліктері мен бүгінгі дамуына назар аударды.
Сонымен қатар, «Қайрат» спорт мектебінің жұмысымен танысу ұйымдастырылып, ұлттық және спорттық бағыттағы тәжірибелер ортаға салынды.



















































