«ДҮНИЕГЕ КЕЛЕР ӘЛІ ТАЛАЙ ҚАСЫМ…»

2026 жылғы 9 қазанда Қарағанды қаласында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» атты республикалық мүшәйра өтті.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Студенттер сарайында ұйымдастырылған жыр додасы – ақынның шығармашылық мұрасын ұлықтауға, ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыруға және ақындық өнерді дәріптеуге бағытталды.

Қорытынды бойынша үздік деп танылған қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.

Мүшәйра жүлдегерлері:

  • I орын – Мирас Асан;
  • II орын – Мәрлен Ғылымхан;
  • III орын – Нұржан Қадірәлі.

Iс-шаралар

Меню