«Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені жайлы ақпарат

2023 жылдың 6 – 10 маусым аралығында облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ақпараттық «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені Шет ауданына қарасты Қарамұрын, Пикет, Сұлу мадина, Ақой, Батық, Мұхтар, Үңірек, Қармыс, Тұмсық, Қайрақты, Кеншоқы, Ақсу, Нұраталды ауылдарына іс-сапармен барып келді.

«Зерде» кешені — халыққа ҚР президентінің жолдауын насихаттап, кеңінен таныстырып, концерттік бағдарлама ұсынды.

Концерттік бағдарламада: Мұрат Қоңыр, Диана Сармудинова, Әсем Бейсенбаева, «Әсем-ай» би ансамблі, «Қазақстан даусы. Балалар» тележобасының қатысушысы – Ануар Берік және орталықтың мамандары — Әсем Жармағанбетова, Еркебұлан Елтай өнер көрсетті.

Ауыл тұрғындары өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдіріп шығарып салды.

Iс-шаралар

Меню