«Жан шуағы» ХХ облыстық фестивалі

2017 жылдың 11 қазан күні Қарағанды қаласының «Кеншілер мәдениет сарайында» Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығы және өтеді. Фестивальдің қолдаушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Фестиваль бағдарламасында 100 ден астам суретшілердің, қолданбалы-декоративтік өнер шеберлерінің, коллекция жиюшылардың қатысуымен «Менің қызығушылық әлемім» көрмесі, «Жан шуағы» XХ облыстық фестивалінің ашылуы және Көркемөнерпаздар ұжымдарының, арнаулы ұйымдардың жеке орындаушылары, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және мәдениет ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Мерейтойыңмен Фестиваль!» атты Гала-концерт өткізілді.

Фестиваль мүмкіндіктері шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа үлгідегі мәдени-сауық қызметін жандандыру бағытында ізденістер ұйымдастыру, дарындарды іздестіру арқылы мәдени әлеуметтік қызмет көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсету мақсатында өткізілді.

«Жан шуағы» фестивалі алғаш рет 1992 жылы облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы мамандарының бастамасымен ұйымдастырылып, жыл сайын қатысушылар географиясын кеңейтіп отырады.

«Жан шуағы»- «Творчество души» облыстық фестиваліне үздік номерлерді іріктеу мақсатымен 2017 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында Қарағанды облысы қалаларында іріктеу кезеңдері, көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық есептері, «Творчество души» «Біздің тұратын үй» мерекелері өтіп, арнайы мамандандырылған ұйымдар, мекемелер, мектеп-интернаттар, интернат-үйлері үшін қайырымдылық концерттер ұйымдастырылды.

Фестивальге Қарағанды облысының Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Шахтинск, Саран қалалары мен Абай ауданынан келген 200-ден астам адам қатысты.

Біздің «Жан шуағы» — «Творчество души» фестивалі мүмкіндіктері шектеулі жандардың шығармашылық үрдістерін арттыру үшін зор мүмкіндіктер берді.

Iс-шаралар

Меню