Қарағанды қаласының 80 жылдығына және Халықаралық би Күніне арналған VII облыстық «Сарыарқаның жұлдызды шапағы» атты би фестивалі

2014 жылдың 29 сәуір күні Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайы ғимаратында Қарағанды қаласының 80 жылдығына және Халықаралық би Күніне арналған VII облыстық «Сарыарқаның жұлдызды шапағы» атты би фестивалі өткізілді. Фестивальге Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Осакаров, Нұра, Шет, Ұлытау аудандарына және Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Саран, Сәтпаев, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан 40-қа жуық би ұжымдары (700-ден аса адам) қатысты.

Қазалыра алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қарайткері, Мемлекеттік «Наз» би театрының Бас балетмейстері және көркемдік жетекшісі Ағымбаева Қадиша Ермекбаевна, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық өнер Униврситетінің «хореография» кафедрасының профессоры, «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері Күлбекова Айгүл Кеңесқызы, жоғары дәрежелі балетмейстер, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы Логинова Елена Николаевна сынды құрметті азаматшалар болды.

Фестиваль қорытындысында қазылар алқасының құрамы төмендегідей номинациялар бойынша орындар табыстады:

10-13 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Халықтық би» номинациясы бойынша (үлгілі хореографиялық ұжымдар):
— III орын № 66 Орта мектептің «Аяла»үлгілі ансамбілі Қарағанды қ.;
— II орын Балалар мен жасөспірімдер Сарайының «Волшебная страна» үлгілі ансамбілі Қарағанды қ.;
— I орын Теміртау қалалық мәдениет үйінің «Вдохновение» үлгілі ансамбілі.

 

10-13 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Халықтық би» номинациясы бойынша:
— III орын Ұлытау ауданының «Шұғыла» ансамбілі;
— II орын Саран қаласының «Амадеус» ансамбілі;
— I орын Шет ауданының «Көркем» ансамбілі.

 

14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Халықтық би» номинациясы бойынша (үлгілі хореографиялық ұжымдар):
— III орын Абай ауданының «Дидар» үлгілі ансамбілі;
— II орын Қарағанды қаласының «Қуаныш» үлгілі ансамбілі;
— I орын Қарағанды қаласының Балалар мен жасөспірімдер Сарайының «Волшебная страна» үлгілі ансамбілі.

 

14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Халықтық би» номинациясы бойынша:
— III орын Сәтпаев қаласының «Нұр шашу» ансамбілі;
— II орын Абай ауданының «Жұлдыз» ансамбілі;
— I орын Теміртау қаласының «Шолпы» ансамбілі.

 

10-13 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Заманауи би» номинациясы бойынша (үлгілі хореографиялық ұжымдар):
— III орын Теміртау қаласының «Глория» үлгілі ансамбілі;
— II орын Бұқар жырау ауданының «Эдельвейс» үлгілі ансамбілі;
— I орын №39 орта мектептің «Шолпан» үлгілі ансамбілі Қарағанды қ.

 

— 14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Заманауи би» номинациясы бойынша (үлгілі хореографиялық ұжымдар):
— III орын Балқаш қаласының «Ветерок» үлгілі ансамбілі;
— II орын Қарағанды қаласының «Росинка» үлгілі ансамбілі;
— I орын Теміртау қалалық мәдениет үйінің «Вдохновение» үлгілі ансамбіл.

 

14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Заманауи би» номинациясы бойынша:
— III орын Шахтинск қаласының «Алтыншаш» ансамбілі;
— II орын теміртау қаласының «Атлантида» ансамбілі;
— I орын Қарағанды қаласының «Нұрби» ансамбілі.

Сонымен қатар Хафиза Ахметовна атындағы арнайы сыйлық Қарағанды қаласының «Қуаныш» үлгілі ансамбіліне берілді. Фестивальдің Бас жүлдесі Қарағанды қаласының №39 орта мектептің «Шолпан» үлгілі ансамбіліне берілді.

Iс-шаралар

Меню