8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт

6 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты концерт өтті. Бұл кеш нәзіктік пен әсемдікті дәріптеп, көрермендерге көктемнің шуағын сыйлады.

Концертке қатысқан өнерпаздар:

  • Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әртістері
  • «Астана Опера» театрының солистері
  • Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Дамир Садуахасов, Денис Кудряшов, Назым Сағынтай
  • «Аққу» ансамблі
  • «МузАрт Life» тобы
  • Кали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері

Сахнада Чайковский мен Штраустың классикалық шығармалары, қазақтың халық әндері және заманауи туындылар орындалды. Концерттің шарықтау шегі – барлық өнерпаздардың бірлесіп орындаған Ескендір Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әні болды.

Iс-шаралар

Меню