Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс

14 желтоқсан күні Қарағанды қаласының кеншілер мәдениет Сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мерекелік іс-шараға 700-ден аса меймандар шақырылды. Олар – республика мен облыстың көрнекті қайраткерлері, мәслихаттар депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қарағанды өңірінің даңқты спортшылары, ардагерлер, кәсіпкерлер, жұмысшылар, шахтерлер, металлургтер, сол сияқты қоғам өкілдері.

Мерекелік іс-шара барысында Қарағанды облысының Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерінің жылнама-кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапқа алғашқы тілек сөзді Қарағанды облысының әкімі Н.Қ.Әбдібеков Тәуелсіздік жылының стартына арналған форум барысында қалдырған болатын. Кітап облыстың барлық қалалары мен аудандарында болды. Оған өңірлердің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жарқын жетістіктері атап жазылды.

Содан кейін облыс әкімінің қолынан өз саласында үлкен еңбек жетістіктеріне қол жеткізген 97 адам мемлекеттік наградалар мен ҚР Президентінің Құрмет грамоталарын алды.

Сол сияқты мерекелік іс-шара барысында халықтың құрметіне бөленген даңқты 3 қарағандылық азаматқа «Облыстың құрметті азаматы» жоғары атағы берілді. Мұндай мәртебелі атаққа белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, тұңғыш қазақ ғарышкері, «Халық Қаһарманы», генерал-майор Тоқтар Әубәкіров, техника ғылымының докторы, академик Николай Дрижд ие болды.

Салтанатты жиналыстың соңы облыстың шығармашылық ұжымдары «Аққу», «Вдохновение», «Волшебная страна», «Нұрби» хореографиялық ансамбльдерінің, «Әсел» вокалды тобының Тәуелсіздік құрдастары – ЭМБ өкілдері, және де арнайы қонақтар халықаралық байқаулардың лауреаты. опера әншісі Әлия Кикенова мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Құсаиновтардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Iс-шаралар

Меню