Алғыс айту күніне арналған «Алғысым саған шексіз» атты салтанатты іс-шара

1 наурыз күні Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Алғысым саған шексіз» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері, педагогтер, төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлері, спортшылар және өңірдің мәдениет қайраткерлері қатысты. Атриумда сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік кездесудің ашылуында «Шолпан» ансамблі орындаған «Арнау» атты хореографиялық композиция ұсынылды.

Салтанатты рәсім аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелері жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Атап айтқанда, «Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Григорий Долидзе, «Дагестан» ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамиз Ширинов, «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Семен Раков, Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі облыстық қоғамының төрағасы Наталья Еременко, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев, «Polonia» поляк қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Хмелевский және «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас марапатталды.

Іс-шара бағдарламасы бірнеше тақырыптық бөлімнен тұрды. Олар жастарға, әскери қызметшілерге, дәрігерлерге, төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлеріне, педагогтерге, спортшыларға және сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне арналды. Концерттік бағдарламада облыстың шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары, оның ішінде халықтық ансамбльдер мен хореографиялық ұжымдар өнер көрсетті.

«Алғысым саған шексіз» атты мерекелік шара қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға, түрлі сала мамандарына алғыс білдіруге, сондай-ақ бірлік, өзара құрмет пен қолдауды дамытуға бағытталды.

 

 

 

Iс-шаралар

Меню