«Керемет» телевизиялық жобасы

2022 жылдың қазан айының 9-шы жұлдызында Достық үйі ғимаратында «Балалар жылына» және Республика күніне арналған Қарағанды облысындағы дарынды балалардың «Керемет» телевизиялық жобасының түсірлімі өтті.

Тележобада Дильназ Касимова (Бұқар Жырау ауданы), Ансар Мурзатаев (Абай ауданы), Шұғыла Есімхан, Ермек Абылайхан (Ақтоғай ауданы), Нұрасыл Төлегенов, София Чаренцева, Фатима Темірғалы, Әлия Бәкір (Қарағанды қаласы) сұхбат беріп, өз өнерлерімен бөлісті.

Барлық қатысушыларға диплом, медаль және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

«Керемет» балалар тележобасы 24-25 қазан «Сарыарқа» телеарнасынан көрсетілді және орталықтын ресми сайтына және ютуб арнасына жүктелді.

Iс-шаралар

Меню