Аудандық және қалалық театрлардың режиссерлары және қоюшы – суретшілер мен үйірме жетекшілерінің қатысуымен облыстық семинар-практикум

Ақпанның 26 күні облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театрында  аудандық және қалалық театрлардың режиссерлары және қоюшы – суретшілер мен үйірме жетекшілерінің қатысуымен облыстық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты: қатысушылардың кәсиби деңгейлерін арттырып, жұмыс тәжірибемен алмасып, театр ұжымдарының репертуарларын іріктеу. С

еминардың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық  Мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының басшысының міндетін атқарушы С. Мұсайын бұл басқосудың маңыздылығы мен мақсатын айқындап, жиналғандарға шығармашылық табыс тіледі.

Бағдарламада «Қиял мен зейін актердің негізгі құралы» атты тақырып бойынша С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық театрының көркемдік жетекшісі, режиссері А. Салбан шебер классын өткізді.

Сонымен қатар түрлі пьесаларға жан-жақты талдау жасалды.

Семинар-практикумның соңында, келген әріптестерге  «Театр – өнер ордасы» атты әуесқой театрларға арналған репертуарлық жинақ пен арнайы сертификат табысталды.

Iс-шаралар

Меню