Шәкен Аймановқа 100 жыл

2014 жылдың ақпан айының 27 күні сағ.17.00-де «Сарыжайлау» кинотеатрының және облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шәкен Аймановтың 100 жылдығының апталығы аясында «Жамбыл» көркемфильмінің көрсетілім өтті.

Көрсетілімнің ашылу салтанатына Тілеген Әділов, Мақсат Аханов және Дидар Қамиев сынды республикалық айтыстардың жүлдегерлері қатысып, Шәкен Айманов пен Жамбыл Жабаевтың рухына бағышталған жыр шумақтарын тарту етті.

Арнау соңында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, драматург, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Жұмабеков Кеңес Нарымбайұлы сахнаға шығып, «Сарыжайлау» кинотеатрының алғыс хаттарын, бағалы сыйлықтарын табыстап, Шәкен Айманов хақында естеліктер айтты.

Ашылу рәсімінен кейін жиналған көрермен назарына Шәкен Айманов сомдаған «Жамбыл» көркемфильмі көрсетілді.

Iс-шаралар

Меню