Саран қаласының мәдениет үйі

Саран қаласының Мәдениет үйі  жетекшісі – Людмила Николаевна Феоктистова

 

 

 

 

Қаланыңқоғамдықөмірініңқажеттібөлігінеайналған – «Саран қаласыныңМәдениетүйі»Саран қаласындағыадамдардыңмаңыздықарым – қатынасорталығы.

«Саран Мәдениетүйі» мәдени-демалуқызметтерінің 7 объектісіндежұмыскөрсетеді:

  • көрермендер залы (340 орын);
  • кіші зал (кіші зал 100 адамға);
  • жоғарғы фойе (200 адам);
  • «Россиянка» ЭМҚБ (30 адам);
  • «ЖасОтау» ЭМҚБ (30 адам);
  • Мәдениетүйініңалаңы (1000……. адам);
  • Мәдениетүйініңдемалусаябағы  (500-700 адам).

Саран қаласындадәстүрлітүрдетүрліжанрлар мен бағыттарбойыншафестивальдар, конкурстарөтеді:

Дәстүрлі фестиваль –  «Сазгерлеркүні»мерекесі.

Қарағандықаласыныңжетекшівокалистеріқатысты. Сергей Зубков, Анатолий Андреев, Евгений Кудравец, Халықтықүрмеліаспаптароркестрініңэстрадалық джаз тобы, «Креатив» вокалды-аспаптықұжымы. Шақырылғандарөздерініңжастықшағындағысүйікті ретро әуендерінтыңдады.

 

 


«Саған, арналады меніңсүйіктіқалам!»аттымузыкалық-поэтикалықфестивалі.

«Саған, арналады менің сүйікті қалам!» музыкалық-поэтикалық фестивальға    жастардың өкілдері, тыл еңбеккерлері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің орта буын оқушылары шақырылды. Сөз сөйлеушілер Саран қаласы туралы өлеңдер дайындады,  музыкалық сәлемдер жолдады. Ұйымдастыру комитеті әр қатысушыға Саран қаласы туралы кітап сыйлады.

Саран қаласының 65 жылдығына арналған «Әзіліміз жарасса!» конкурсы.

Эстрадалық жанрды дамыту, талантты ән орындаушыларын іздеу мақсатында Саран қаласының 65 жылдығына арналған «Әзілің жарасса!» конкурсы өткізілді. Байқау 2 тапсырмадан тұрды: «Визит карточкасы», «Пародирование».

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Саран қаласының 65 жылдығына арналған ұлттық мәдениеттердің аймақтық студенттік фестивалі.

Дәстүр бойынша Мәдениет үйінің үлкен залында ұлттық мәдениеттер фестивалі болып өтті. Фестивальға Қарағанды облысының 19 колледжінің өкілдері қатысты. Жоғарғы фойеде фестиваль қатысушылары мен қонақтарына арналған ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Колледж директоры В. Закамолкин салтанатты шараға қатысушыларды құттықтады. Жарқын, әр түрлі жанрлық нөмірлер бағдарламаны безендіре түсті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ. Жаяубаев ұжым өкілдеріне фестиваль дипломдарын, сертификаттар мен естелік кәдесыйларды табыс етті. Патриотизмді қалыптастыруға, этнос аралық толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған ауқымды жоба ұлттық мәдениеттер фестивалін көрсетеді.


Саран қаласының 65 жылдығына, Жастар жылына арналған «Мерейлі отбасы» қалалық байқау.

Байқауға бес отбасы қатысты. Әр отбасының өз отбасылық өмір тәжірибесі, өзінің отбасылық мерекелері мен хоббиі бар. Мищенко, Гуреевтер, Аскеевтер, Дамбро, Карипбаевтар отбасы сахнада өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың бас жүлдесі мен бағалы сыйлық – теледидар Аскевтер отбасына берілді, бірінші орынды Гуреевтер отбасы, екінші орынды Кәріпбаевтар отбасы иеленді. Жеңімпаздар облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында өз отбасыларын таныстырады.

«Бүгінгі бойжеткен – болашақ келін» қыздар байқауы

Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің көмегімен қыз тәрбиесіне қатысатын адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында «Бүгінгі бойжеткен – болашақ келін» байқауы өткізілді. Байқауға номинациялар бойынша үш қыз қатысты: I кезең «Таныстыру», II кезең «Келіннің ата – енемен қарым – қынасы», III кезең «Жас келіннің қайны, қайын сіңлілеріне ат тергеуі», IV кезең «Ситуациялық сұрақтарға жауап беру».

Кездесу барысында 8 наурызға арналған қыздарға құттықтаулар айтылып, «Қыз сыны», «Аяла», «Арулар асыл жандар» әндері шырқалды.

Соңында консурсанттар марапатталды: І орын – Ж. Рахымқұл ж, ІІ орын – Алмира Сүлеймен, ІІІ орын – Халил Зейнолла.


«Алтын мұра» дәстүрлі қалалаық фестиваль

Дәстүрлі түрде хореографиялық өнердің жарқын мерекесіне айналған «Алтын мұра» қалалық би фестивалі болып өтті. Фестивальға қаланың 17 шығармашылық ұжымы қатысып, қаланың мерейтойына арналған жарқын нөмірлер көрсетті. Атқарылған жұмыстар үшін ұжымдар фестивальдің дипломдарымен марапатталды.

 

 


Саран қаласының «Достық гүл шоқтары» атты ұлттық мәдениеттер фестивалі.

Дәстүрлі «Достық гүл шоқтары» атты ұлттық мәдени фестивалі Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында болып өтті. Қаланың ЭМҚБ, ұлттық мәдениеттер қатысты. Көрермендер назарына   жарқын нөмірлер, ана тілінде құттықтаулар ұсынды.

«Қозы Көрпеш- Баяндай» дәстүрлі конкурс

Конкурсқа студенттер, жұмысшы жастар қатысты. Конкурс «Біз туған елдің ұрпағымыз», «Егер талантың болса, көрсет!», «Салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды білу», «Шығармашылық конкурс» номинациялары бойынша өткізілді. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Екі жұлдыз» жастар конкурсы

Саран қаласының мерейтойын, Жастар жылын мерекелеу аясында қараша айында «Екі жұлдыз» конкурсы болып өтті. Конкурс шарты бойынша қатысушылар екі әнді ұсынды: қазақстандық композиторлардың әні және 80-ші 90-шы хиттері. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін келесі критерийлер бойынша бағалады: орындаушылық шеберлік, әртістік, көркемдік мәнерлілік, көріністік, репертуар таңдау және орындау ерекшелігі.

Саран қаласы әкімінің «Идеядан шындыққа» атты конкурсқа қатысушылардың, бизнес – идеялар мен жобалардың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

Саран қаласы әкімінің «Идеядан шындыққа» атты конкурс, бизнес – идеялар мен жобалардың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне жаңа инновациялық жобаларды ұсынған қаланың жас тұрғындары қатысты. Жеңімпаздарға 200 мың теңге соммасына сертификаттар, естелік дипломдар табыс етілді. Шағын мерекелік концерт салтанатты әрлей түсті.

Iс-шаралар

Меню