Көркемөнерпаздар ұжымдарын республикалық аттестаттау

13 сәуір күні Теміртау қаласының Мәдениет сарайында өткен аттестаттау барысында «Томирис» хореографиялық ансамблі «Үлгілі» атағына, ал «Магнитка» ардагерлер ансамблі мен «Жауыртау сазы» фольклорлық ансамблі «Халықтық» атағына үміткер ретінде өнер көрсетті.

Сол күні Абай ауданында «Бірлік» вокалдық тобы да «Халықтық» атағын алу үшін өз бағдарламасын ұсынып, орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық деңгейін көрсетті.

Қазылар алқасы қатысушылардың репертуары, дауыс мүмкіндігі және сахна мәдениетін бағалап, ұжымдардың кәсіби деңгейін айқындады. Аттестаттау шарасы өнер ұжымдарының шығармашылық дамуына жаңа серпін беріп, кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталды.

Iс-шаралар

Меню