«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фольклорлық ансамбльдердің жұмыстарын жетілдіру мақсатымен облыстық семинар-практикум өтті

18 мамыр күні сағ.13.00-де Кеншілер мәдениет сарайында («Сарыжайлау» кинотеатрының VIP залында) облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы мен Тәттімбет атындағы өнер колледжімен бірлесе «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фольклорлық ансамбльдердің жұмыстарын жетілдіру мақсатымен облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар-практикум фольклорлық ансамбльдердің орыындаушылық шеберліктерін арттыру, репертуар деңгейлерін көтеру, мәдени мұраға деген рухани-адамгершілік қатынасты орнату, ұлттық музыканы насихаттау мақсатымен ұйымдастырылп өтті.

Семинар-практикумның бағдарламасында Тәттімбет атындағы өнер колледжінің ұстаздары – И.В.Колесникованың және Д.Әркеновтың шеберлік сыныптары, сонымен қатар «Берегиня» (Теміртау қ.) халықтық орыс әндері ансамблінің жетекшісі С.К.Гежаның және «Тоқырауын толқыны» (Ақтоғай ауд.) халықтық ансамблінің жетекшісі Ә.Имашевтің тәжірибе алмасу жұмыстары.

Семинарға облыстың барлық аймақтарының фольклорлық және хор ұжымдарының жетекшілері қатысты.

Iс-шаралар

Меню