Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі лауреаттарының «Біздің ғасыр» атты шығармашылық кеші

2014 жылдың сәуір айының 21 жұлдызында С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының ғимаратында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, сонымен қатар облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаттары ақын Мирас Асанның «Бегзат»,

ақын-жазушы Алмаз Мырзахметтің «Ханшайым», Республикалық М.Мақатаев мүшайрасының жүлдегерлері ақын Қуаныш Медеубаевтың «Қара жәшік», ақын Рауан Қабидолдиннің «Ақ қайың болсын есімің…» кітаптарының тұсаукесер кеші өтті.

Кешті Қазақстан Жазушылар Одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Абзал Бөкен құттықтау сөздерімен, жалынды жырларымен әспеттеп тұрып ашты. Кеш барысында ақындар өз өлеңдерін оқып, солардың сөзіне жазылған әндер орындалды.

Iс-шаралар

Меню