Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есжан Әміровтың кітаптарының тұсау кесер рәсімі жайлы

2022 жылдың қыркүйек айының 29-шы жұлдызында caғ: 11:30-да «Сарыжайлау» кинотеатрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры, композитор Әміров Есжан Сарманқұлұлы кітаптарының тұсау кесер рәсімі өтті.

Есжан Әміровтің «Аққудың кәусар әуезі», «Білім беру саласындағы ізденіс» кітаптары, «Ауыл ˗ алтын бесігім» әндер жинағы, «Махаббат періштесі» атты әннің сөздері жазылған қойын кітапша және «Өзіммен сырласу», «Асқақта елім», «Қазақтың баласымын» атты композитордың әндері жинакталған үнтаспалар көпшілік қауымға жол тартты.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Рымбала Кенжебалақызы, Серік Ақсұнқарұлы, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Қайроллаұлы, Қарағанды облысының білім басқармасының өкілі Есжан Әміровке ізгі тілегін білдіріп, аталмыш іс-шарамен құттықтады.

Іс-шара барысында Қазакстан Республикасының Мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркенов, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Серікқызы, Кеншілер мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Саят Әбдіғали, Халыкаралық конкурстардың лауреаты Айнұр Сұлтанова өнер көрсетті.

 

Iс-шаралар

Меню