Мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне облыс әкімінің сыйлығы табысталды

2014 жылдың мамыр айының 21 жұлдызында Станиславский атындағы театр ғимаратында мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын табыс ету салтанаты өтті.
Биылғы жылы сыйлыққа 131 адам үміт білдірді. Аталмыш үміткерлердің арасынан комиссия 23 адамды таңдап алды.

200 мың теңге мөлшеріндегі сыйақы келесі номинациялар бойынша берлді:

— «Жыл әртісі» — Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрының жоғары дәрежелі әртісі Керимов Олег Авезович;

— «Жыл әртісі» — Станиславский атындағы орыс драма театрының жоғары дәрежелі әртісі Пекушева Людмила Михайловна және С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының жоғары дәрежелі әртісі Аукешова Баян Дайырбекқызы;

— «Үздік эпизодтық рөл» — С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының жоғары дәрежелі әртісі Жансүгірова Нұржібек Күлмесханқызы;

— «Жылдың театр режиссеры» — Қарағанды академиялық музыка және комедия театрының «Буратино» қуыршақтар студиясының қоюшы режиссеры Якимчук Мария Владимировна;

— «Эстрада жанрының жыл әншісі» — Т.Қалмағамбетов атндағы Жезқазған филармониясының әртісі Бекбалакова Ляйла Абушахмановна;

— «Жыл орындаушысы» — Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфонилық оркестр әртісі Филиппов Алексей Владимирович және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары Академиялық оркестірінің әртісі Кулгалиева Алия Олжабаевна;

— «Жеке орындаушы» — Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары Академиялық оркестірінің әртісі Боранбаев Сапарғали Жарылқасынұлы;

— «Халық әндерін үздік орындаушы» — Шет ауданына қарасты Ағадыр кентініңі мәдени-сауық орталығының мәдени-ұйымдастырушысы Мұқышев Ардақ Мақсұтұлы;

— «Жыл хореографы» — «Жарқын» халық ансамбілінің жетекшісі Мукатова Корлан Асылбековна;

— «Балеттің және хореографиялық ұжымның үздік әртісі» — Қарағанды академиялық музыка және комедия театрының балет әртісі Адашев Юрий Юрьевич;

— «Көркемөнерпаздық ұжымның үздік жетекшісі» — Ұлытау ауданының Қаракеңгір ауылының клуб меңгерушісі Абежанова Гүлжаухар Тақашқызы;

— «Сауықты үздік үйымдастырушы» — облыстық-мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Федоренко Марина Вадимовна;

— «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» — Абай уданының Көксу ауылы мәдениет Үйінің мәдени-сауық қызметін ұйымдастырушы Сергеева Ирина Адамовна;

— «Ауылдың үздік кітапханашысы» — Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылының модельді кітапханасының аға кітапханашысы Моцная Лариса Васильевна;

— «Үздік кітапханашы» — Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының кітапхана дамуы бөлімінің меңгерушісі Тимершина Фания Харисовна және Балқаш қаласының №4 орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалы кітапханашысы Алиева Жанар Турсупбайевна;

— «Мәдени мұра және мұражай қызметі» — Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері Трещева Светлана Петровна;

— «Мәдениет пен өнердің үздік менеджері» — Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Жылтыбаева Раушан Рашидовна;

— «Жылдың үздік суретшісі» — Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Асқаров Қуат Абусагдиевич.

Сонымен қатар «Қызметіне адалдығы үшін» номинациясы бойынша 500 мың теңге көлеміндегі арнайы сыйақы өлшемі облыс әкімі меңгерушілерінің қатарынан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қарағанды академиялық музыка және комедия театрының әртіс-әншісі Мельников Леонид Алексеевичке және С.Сейфуллин атындағы театр әртісі Нукина Шайза Смагуловнаға берілді.

Iс-шаралар

Меню