Президент атындағы Жаңа жылдық шырша мерекесі

2014 жылдың 24 желтоқсан күні «Олимпия» мейрамханасында Президент атындағы Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Жыл сайын Елбасымыз Қазақстанның барлық аймағында біздің кішкентай бүлдіршіндерімізге арнап Жаңа жылдық мереке ұйымдастырады.

Қарағандыдағы Жаңа жылдық шырша облысымыздың қалалары мен аудандарындағы балалар үйінен, мүмкіндігі шектеулі балалардан, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан 150-ден аса бүлдіршіндер жинады. Шырша мен үлкен экран қойылған залда балаларды шоколад фабрикасының әміршісі Вилли Вонка, фея капитан Зарина, Метелица, ковбой Сұр Қасқыр, аққала Олаф, Аяз ата, Ақшақар сынды ертегі кейіпкерлері қарсы алды.

Ең бастысы, балаларды Жаңа жыл мерекесімен Президентіміз, содан кейін облыс әкімінің орынбасары Жандос Абишев құттықтады.

Ойындар, әндер, билер, театрландырылған карнавалдық-маскарадтық қойылымдар, концерттік ойын бағдарламалары өте көп болды. Жаңа жылдық салтанаттың соңында барлық жас қатысушылар Президенттің атынан тәтті сыйлықтар, ноутбуктар, үстел ойындары және кітаптар алды.

Iс-шаралар

Меню