Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған мерекелік іс-шара

2016 жылы 1 мамыр күні Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында, Қарағанды облысының әкімінің қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Мерекелік іс-шара этномәдени бірлестіктің өкілдері, көркемөнерпаздар және кәсіби ұжымдардың қатысуымен «Гүлдене бер, Қазақстаным» атты театрландырылған көрініспен басталды.

Облыс әкімі Н.Әбдібеков барлық қарағандылықтар мен қала қонақтарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, облыстық этномәдени бірлестіктерге өз қызметтерін дамытуға арналған гранттар табыстады.

Сонымен қатар, үлкен мереке «Достық шаңырағы» атты XXI облыстық мәдени ұлттық фестивальмен жалғасты. Фестивальге қатысқан этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз қойлымдарымен қала тұрғындарын қуантты.

Мерекелік іс-шараны одан әрі Кеншілер мәдениет Сарайының әуесқойлық ұжымдары және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Iс-шаралар

Меню