Первый Республиканский Фестиваль авторской песни и поэзии «Сарыарқа Самалы»

Авторлық ән жанрын, орындаушылардың, ақындар мен ансамбльдердің шығармашылығын насихаттау, қазақ әлеуметтік-мәдени кеңістігінде отандық ән мәдениетін өзектендіру мақсатында, 2021 жылы 25-26 қыркүйекте Кеншілер мәдениет сарайында І Республикалық «Сарыарқа Самалы» атты авторлық әндер мен поэзия фестивалі өтті. 

Фестивальге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Павлодар, Көкшетау қалаларынан 36 орындаушы қатысты. Қарағанды облысынан Қарағанды, Жезқазған, Саран қалаларының, сондай-ақ Абай және Қарқаралы аудандарының қатысушылары өнер көрсетті.

Фестиваль қорытындысы бойынша Қарағанды облысының қатысушылары келесі марапаттарға ие болды:

  • Бас жүлде – Әлімжан Мәкенов, Қарқаралы ауданы, мемлекеттік тілдегі сөздер мен музыканың авторы;
  • 2 орын – Құрал Райымбеков, Абай ауданы, мемлекеттік тілдегі сөздер мен әндердің авторы;
  • «Үздік дуэт» номинациясы Максим Баширов пен Светлана Валиеваға Қарағанды қ. «Марианна» авторлық әндер клубы берілді;
  • «Жас бард» номинациясы – Вадим Ким, Қарағанды қ.Қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Фестивальдің бейне нұсқасы «Saryarqa» телеарнасынан көрсетіледі.

Iс-шаралар

Меню