«Сарыарқа жұлдызы» байқауының қалалық іріктеу кезеңі

2026 жылдың 29 сәуірінде сағат 14:00-де Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Сарыарқа жұлдызы» эстрадалық орындаушылардың облыстық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Іріктеу кезеңіне «Жаңа Майқұдық» МҮ «Жас толқын» вокалдық ансамблі, «Нұрби» вокалдық-хореографиялық ансамблі, «Молодежный» МҮ «Melisma» вокал студиясы және «Теміржолшылар» МС «Music art» вокал студиясының қатысушылары өнер көрсетті. Жалпы қатысушылар саны – 25 адам.

Қазылар алқасының шешімімен облыстық байқауға жолдама алғандар:

  • 7–10 жас: Рахымбек Әсия, Кеңес Аяжан, Аязбаева Раяна
  • 11–13 жас: Марат Айсауле, Мұхтар Жұлдызай
  • 14–18 жас: Қадыр Нұрхан

Жолдама иегерлеріне дипломдар, ал қатысушыларға «Теміржолшылар» МС КМҚК директоры С.Б.Мұқановтың атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню