«Қош келдің, нұрлы Наурыз»! атты театрландырылған мерекелік қойылымы жайлы АҚПАРАТ

2023 жылдың 22 наурыз күні орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында «Қош келдің, нұрлы Наурыз»! атты театрландырылған мерекелік қойылым қойылды.

Мереке бағдарламасында:

С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театры артистерінің, Академиялық музыкалық комедия театры балетінің, «Арқа сазы» және «Аққу» фольклорлық ансамблдерінің, «Қуаныш», «Жарқын», «Аяла», «Нұрби», «Джиронимо», «Искорка» көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымдарының, сондай-ақ ҚР ІІМ Қарағанды академиясы студенттерінің қатысуымен «Көктемнің оянуы» атты театрландырылған қойылым қойылды.

Кәсіби, көркемөнерпаздар ұжымдарының, сондай-ақ қазақстан эстрада жұлдызы Қуандық Рахымның қатысуымен мерекелік концерт , қазақ ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті бейнеленген, тарихи-өлкетану және бейнелеу өнері мұражайларының экспонаттарымен безендірілген, шағын этноауылдың көрме киіз үйлері ұйымдастырылды.

 

Iс-шаралар

Меню