6 сәуір күні сағат 10:00-де Осакаров ауданындағы МСО Қарағанды облысының көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарын беру мақсатында республикалық аттестаттау өтті.
Іс-шара аясында Осакаров ауданының Ертіс ауылындағы «Art Street» студиясы «Үлгілі» атағына, сондай-ақ Осакаров аудандық «Сарыбел» фольклорлық ансамблі «Халықтық» атағына үміткер ретінде қатысты.
Аттестаттау барысында шығармашылық ұжымдар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынып, кәсіби деңгейі мен сахналық мәдениетін көрсетті. Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, репертуар мазмұнына және көркемдік деңгейіне жан-жақты баға берді.
Шара өңірдегі мәдениет саласын дамытуға, көркемөнерпаздар қозғалысын қолдауға және шығармашылық ұжымдардың әлеуетін арттыруға бағытталды.































