Облыстық авторлық әндер мен поэзия фестивалі жайлы ақпарат

Өзіндік ерекшелігімен, мазмұндылығымен және жоғары адамгершілік қағидаларымен ерекшеленетін авторлық әндер мен поэзияны насихаттау, шығармашылық әлеуетті дамыту және жаңа таланттарды анықтау мақсатында 2021 жылдың тамыз айында @onmcdint инстаграм парақшасында облыстық авторлық әндер мен поэзия фестивалі өтті. Фестивальге барлығы 30-дан астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 26 қатысушы онлайн фестиваль бағдарламасында өнер көрсетті.

Облыстық авторлық әндер мен поэзия фестиваліне қатысушылардың бейнероликтерін қарау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі шешімді шығарды:

I орын – Тен Роман – Қарағанды қаласы;

Раймбеков Құрал – Абай ауданы Құлаайғыр ауылы;

IІ орын – Макенов Әлімжан – Қарқаралы ауданы;

Наурызхан Анаргүл – Осакаров ауданы;

Закрия Оханұлы – Абай ауданы Дубовка ауылы;

 III орын – Ким Вадим – Қарағанды қаласы;

Баширов Максим – Карағанды қаласы, «Марианна» клубы;

Дәулетханұлы Сұлтан – Бұқаржырау ауданы.

 Instagram парақшасында онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша Көрермендер көзайымы номинациясына – Макенов Әлімжан – Қарқаралы ауданы ие болды.

Iс-шаралар

Меню