«Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер шығармашылығының облыстық байқау-фестивалі

2014 жылдың 27 қазан күні Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Қарағанды облысы ардагерлер Кеңесінің, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер шығармашылығының облыстық байқау-фестиваліөткізілді. Фестиваль бағдарламасында келесі номинациялар болды:

  1. Әндерді хормен орындау «Сол жылдарға бас иеиік»;
  2. Жеке ән айту;
  3. Вокалдық топтардың ән айтуы;
  4. Көркемдік халықтық кәсіптер және қолөнерлер (ши тоқу, ағаш ою, күйдіру,тігу, макраме, тоқужәне т.б.);
  5. «Мамыр вальсі» номинациясы (риорито, танго, вальс орындаушыларының би кезеңі);
  6. Аспапта орындау (домбыра, қобыз, баян, гитара, сырнай, балалайка және т.б.);
  7. Көркемсөз оқу «Менің тағдырымдағы соғыс тақырыбы» (өлеңдер, әңгімелер, соның ішінде авторлық).

«Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер шығармашылығының облыстық байқау-фестиваліне Абай, Ақтоғай, Бұқаржырау, Жаңаарқа, Осакаров, Нұра, Қарқаралы, Шет аудандарыныңжәнеҚарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының ардагерлері қатысты.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню