Хор ұжымдарының жұмысын жетілдіру бойынша облыстық семинар-практикум

2017 жылдың 30 наурызында Академиялық музыкалық комедия театрында Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен хор ұжымдарының жұмысын жетілдіру бойынша облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинарды Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім жетекшісі Қ.Әшкеев ашты. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің хорлық-дирижерлық бөлімінің жоғарғы санатты ұстазы И.Колесникова «Хор шеберлігінің құпиялары» тақырыбын ашып, «Молодежный» МС-ның «Вдохновение» халықтық ардагерлер хор ұжымының жұмысы бойынша шеберлік-сынып өткізді.

Сонымен қатар, «Берегиня» орыс әндерінің халықтық ансамблінің жетекшісі С.Гежа (Теміртау қ-сы), «Мудрость» халықтық ардагерлер хорының хормейтері Ю.Ершова (Саран қ-сы), «Родники» халықтық орыс әндері хорының хормейстері С.Волощук (Абай қ-сы), «Русские самоцветы» халықтық орыс әндері хорының хормейстері Л.Захарченколар (Қарағанды қ-сы, Теміржолшылар МҮ) әуесқой хор ұжымдарын өлеңдету бойынша тәжірибелерімен алмасты.

Семинар Тәттімбет атындағы өнер колледжі вокал бөлімінің «Кантилена» хорының қойылымымен жалғасты.

Ал соңында, ұйымдастырушылар атынан семинар қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Iс-шаралар

Меню